Құпиялылық саясаты және шарттар

2026 жылғы 19 қыркүйекте жаңартылды

Құжат «Unemi» және «Unemi Staff» қосымшаларына және unemi.kz сайтына қолданылады. Жаңа редакция да осында жарияланады — жаңарту күні жоғарыда көрсетілген.

Деректерді кім өңдейді

Unemi сервисі («Unemi» және «Unemi Staff» қосымшалары, unemi.kz сайты) — Нұрсұлтан Алмаханов, жеке тұлға, Астана, Қазақстан.

Деректер туралы сұрақтарды nur.almakhanov@gmail.com мекенжайына жазыңыз. Үш жұмыс күнінің ішінде жауап береміз.

Қандай деректерді жинаймыз

Мекеме клиентінен: аккаунт идентификаторы, өзіңіз көрсетсеңіз — есім мен профиль суреті, интерфейс тілі, мөрлер мен сыйлықтар тарихы, сондай-ақ құрылғының техникалық идентификаторы — ол қосымшаны қайта орнатқанда жинаған мөрлеріңіз жоғалмауы үшін керек.

Қонақ ретінде кіруге болады — поштасыз, телефон нөмірінсіз және тіркелусіз. Сервис телефон нөмірін сұрамайды.

Мекеме қызметкерінен: есімі, рөлі, нүктесі және қайтымсыз хэш түріндегі PIN. PIN-нің өзі сақталмайды және қалпына келтірілмейді — иесі тек жаңасын қоя алады.

Техникалық деректер: ақаулар туралы есептер және иесіздендірілген қолданыс статистикасы. Құрылғының жарнамалық идентификаторы жиналмайды, дербестендірілген жарнама өшірілген.

Олар не үшін керек

Мөр қою және сыйлық беру, қосымшада картаңызды көрсету, сыйлық дайын болғанда хабарлама жіберу және бағдарламаны қиянаттан қорғау үшін.

Мекеме келулердің иесіздендірілген статистикасын және қызметкердің экранында клиенттің есімін көреді — әйтпесе сыйлық кімге берілетіні түсініксіз. Клиенттердің байланыс деректері мекемеге берілмейді.

Деректер қайда сақталады

Деректер Google Cloud (Firebase) бұлтында, europe-west3 (Франкфурт) аймағында өңделеді. unemi.kz сайты Қазақстан аумағында орналасады.

Сақтауды Қазақстанға көшіру үстіндеміз. Көшірілгенге дейін сервисті пайдаланбауға немесе аккаунтты кез келген сәтте жоюға құқығыңыз бар.

Қанша уақыт сақтаймыз және қалай жоямыз

Аккаунт пен оған байланысты деректер сервисті пайдаланған уақытта сақталады. Аккаунтты қосымшадан жоюға болады: профиль → аккаунтты жою. Онымен бірге профиль, құрылғы байланысы және хабарлама токендері жойылады.

Келулердің иесіздендірілген тарихы мекемеде статистика ретінде қалады — ол бойынша нақты кімнің келгенін қалпына келтіру мүмкін емес.

Кімге береміз

Инфрақұрылым жеткізушісінен (Google Firebase) және жоғарыда сипатталған көлемде — картасын ашқан мекемеңізден басқа ешкімге. Деректер сатылмайды және жарнамаға пайдаланылмайды.

Пайдалану шарттары

Unemi — мекеменің құралы: бағдарлама шарттарын (сыйлыққа дейін қанша мөр, сыйлық не, оның мерзімі) мекеме белгілейді және өзгерте алады. Берілген сыйлықтар ереже өзгергенде күйіп кетпейді.

Мекеменің сыйлық бермегені үшін жауап бермейміз, бірақ ондай жағдай туралы хабарлауды сұраймыз — өз ережесін бұзатын мекемемен қоштасамыз.

Сервис «қалай бар, солай» ұсынылады; үзіліссіз жұмыс істеуіне тырысамыз, бірақ үзіліссіздікке кепілдік бермейміз.